Сара Рамирес: "Сырғанақ"

TED Talks Live

Сара Рамирес: "Сырғанақ"

November 1, 2015


Әнші, ақын және актриса Сара Рамирес бірнеше дарын иесі. Майкл Пембертонның гитарада сүйемелдеуімен Рамирес мүмкіндік, даналық және өмірдің аумалы-төкпелі кезеңдеріне арналған "Rollercoaster" ("Сырғанақ") әнін орындайды.

Алан Смит: Неліктен статистиканы жақсы көру керекпіз?

TEDxExeter

Алан Смит: Неліктен статистиканы жақсы көру керекпіз?

April 15, 2016


Статистика болжамын жасағанды жақсы көресің бе? Өзімізді математикадан жақсы немесе нашар сезінсек те, сандарды түсінуге қатысты қабілетіміз шектеулі. Дата визуализация маманы Алан Смиттің тұжырымы осындай. Өзінің баяндамасында ол біздің білгеніміз бен ойлағанымыздың арасындағы сәйкессіздікті түсіндіреді.

Адам Грант: Берушісіз бе, алушысыз ба?

TED@IBM

Адам Грант: Берушісіз бе, алушысыз ба?

November 15, 2016


Әрбір жұмыс орнында үш түрлі адам бар: беруші, алушы және айырбастаушы. Ұжым психологиясының маманы Адам Грант осы үш типке тоқталып, жомарттық мәдениетін дамыту тәсілін ұсынады.

Джа Джанг: 100 күн бойы меселіңіз қайтса, не істейсіз?

TEDxMtHood

Джа Джанг: 100 күн бойы меселіңіз қайтса, не істейсіз?

May 2, 2015


Джа Джанг оқиғасы бәріміздің қорқынышымыз- қабылданбай қалу оқиғасы туралы. 100 күн бойы бейтаныс адамнан 100 доллар сұрап, меселі қайтып, "тағы бургерге" тіркелу-Джанг өзін үнемі кезігетін қабылданбай қалу қорқынышынан құтылуға дайындайды. Жай ғана сұрау арқылы мүмкіндіктерге жол ашуға болатынын түсінді.

Салман Хан: Тест нәтижесін оңай шешуге емес, шеберлікке үйретейік

TED Talks Live

Салман Хан: Тест нәтижесін оңай шешуге емес, шеберлікке үйретейік

November 2, 2015


Іргетасы жартылай қаланған негізге үй тұрғызар ма едіңіз? Әрине, жоқ. Онда негізгі білімді толық игере алмаған оқушыларды сонша неге асықтырамыз? Иә, түсінуге қиын, бірақ Салман Хан студенттерді өз қабілеттеріне орай білімді меңгеріп, ғалым болуға қалай жетелеуге болатыны туралы ойларымен бөліседі.

Лейла Хотеит: Араб іскери әйелінен жетістікке жетудің 3 сабағы

TED@BCG Paris

Лейла Хотеит: Араб іскери әйелінен жетістікке жетудің 3 сабағы

May 18, 2016


Араб әйелдері кәсіби маман ретінде ер адамдарға қарағанда көп икемделеді және батыс әйелдеріне қарағанда мәдениеттегі қаталдықпен көп кездеседі. Олардың жетістіктері бізге алғырлық, біліктілік, басымдылық және прогресс туралы не үйрете алады? Абу Дабиде өз мансабын инженер, адвокат және ана ретінде бастаған Лейла Хотеит жетістікке жетуде өзінің алған сабақтарымен бөліседі.

Шубхенду Шарма: Аулаңызда орман өсіру жолы

TED@BCG Paris

Шубхенду Шарма: Аулаңызда орман өсіру жолы

May 18, 2016


Орман адам өмірінен бөлініп жатқан, алыста орналасқан табиғи қорық болмауы керек. Біз орманды қалаған жерімізде, тіпті қалада да өсіре аламыз. Эко-кәсіпкер және TED Fellow Шубхенду Шарма тығыз, биологиялық шағын орманды қаладағы топырақта микроптар мен биомассаларды қолданып табиғи жағдайда өсіреді. Ол 100 жылдық орманды 10 жыл ішінде қалай өсіруге болатынын айтып береді, сіз шағын джунгли мейрамын көресіз.

Крис Андерсон: TED: көпшілік алдында керемет сөйлеу құпиясы

TED Studio

Крис Андерсон: TED: көпшілік алдында керемет сөйлеу құпиясы

March 24, 2016


Керемет баяндама жасаудың арнайы формуласы жоқ, бірақ барлығына ортақ құпия жайттар бар. TED жетекшісі Крис Андерсон осы құпияны қолдану үшін қажет төрт әдіспен бөліспек. Таратуға тұрарлық идеяңызда бұл бар ма екен?

Роберт Палмер: Панама құжаттары жаһан мәселелерін әшкереледі.  Ары қарай не болады?

Global Witness HQ

Роберт Палмер: Панама құжаттары жаһан мәселелерін әшкереледі. Ары қарай не болады?

April 5, 2016


2016 жылдың 3 сәуірінде деректердің таралып кетуінің тарихтағы ең үлкен мысалын көрдік. Панама құжаттары бай және беделді, ықпалды алдамдардың оффшорда ақша жасырғанын көрсетті. Бірақ осының бәрінің мәні неде? Осыны анықтау үшін Global Witness-тен Роберт Палмерді шақырдық.

Анджелика Даз: Түрлі түсті адамзат терісінің сұлулығы

TED2016

Анджелика Даз: Түрлі түсті адамзат терісінің сұлулығы

February 18, 2016


Анджелика Даздың фотографиялары бізді теріміздің түсі мен этникалық ұқсастық туралы қалай ойлап келдік соны қайта түсінуге шақырады. Бұл жеке баяндауында бізді ақиқатқа сыймайтын ақ, қызыл, қара және сары нәсілдердің бірігуінен пайда болған түстерден гөрі адамзаттың шын түстері туралы деректерге сүйенген оның портреттер жобасы жайында есту расында шабыттандырады.

Чиеко Асакава: Жаңа технология зағип жандарға әлемді зерттеуге қалай көмектеседі?

TED@IBM

Чиеко Асакава: Жаңа технология зағип жандарға әлемді зерттеуге қалай көмектеседі?

October 15, 2015


Жаңа техногиялардың өмірді жақсартудағы әсері қандай? Жарық дүниені көрмей оны қалай танып, білуге болады? 14 жасында көз жанарынан айрылған өнертапқыш, IBM қызметкері Чиеко Асакава осы сұрақтардың жауабын іздейді. Ол жаңа технологиялар көмегі арқылы соқыр адамдардың әлемді дербес зерттеп, танудағы мүмкіншіліктерін қызықты жеткізіп, көрсетеді. Өнертапқыш барлығына бірдей тиімді болатын жаңа мүмкіншіліктерді жасап шығаруды ұсынады.

Анн Морган: Әлемнің әр түкпірінен келген кітаптарды оқыған бір жылым

TEDGlobal>London

Анн Морган: Әлемнің әр түкпірінен келген кітаптарды оқыған бір жылым

September 29, 2015


Анн Морган кітап сөресіндегі мәдени біржақтылықты көргенге дейін, өзін кітапты көп оқыған адам деп есептейтін. Ағылшын және америка авторларының кітаптарының ішінде басқа тілде жазатын авторлардың шығармалары жоқтың қасы еді. Сондықтан ол алдына үлкен мақсат қойды: бір жыл ішінде дүниежүзінің әр елінен бір кітаптан оқып шығу. Енді ол басқа адамдарды да шығармалардың аудармаларын оқуға шақырады, сонда баспагерлер де әдебиет жаухарларын аударуға және әкелуге ниетті болады. Оның кітап оқудағы саяхатының интербелсенді картасын мына жерден көріңіздер: go.ted.com/readtheworld

Сезар Харада: Баланың ынтасын ғылымға қалай оята аламын?

TED Fellows Retreat 2015

Сезар Харада: Баланың ынтасын ғылымға қалай оята аламын?

August 26, 2015


Гонкконгтағы Харбор мектебінде Сезар Харада азаматтық ғылым мен қоршаған ортаны қорғаушылардың болашақ ұрпақ өнертабысын оқытуда. Өз сыныбын өндірісті мегажерге, шығармашыл баланың орман, металл, химия, биология, оптика және кейде күшті құрылғылармен мұхиттардағы қауіп-қатердің алдын алатын орынға ауыстырған. Онда жас кезінен ата-анасы үйреткен: "Сен ластай аласың, бірақ ластаған нәрсеңді тазалауың керек" дегенді үйретуде.

Сакина Якуби: Талибандардың мектебімді жабуын қалай тоқтаттым

TEDWomen 2015

Сакина Якуби: Талибандардың мектебімді жабуын қалай тоқтаттым

May 28, 2015


Талибандар Ауғанстандағы қыздарға арналған мектепті жауып жатқанда, Сакина Якуби жаңа мектеп ашып, мыңдаған ер мен әйелді оқытты. Бастан өткерген екі қызықты оқиғасын айта отырып, оған оқытуды тоқтату үшін сес көрсеткенін және өзінің сүйікті елін қалай қалпына келтіру керектігін баяндайды.

Әл Сиид: Бірлік пен үмітке шақыратын көшедегі бейнелеу өнері

TED2015

Әл Сиид: Бірлік пен үмітке шақыратын көшедегі бейнелеу өнері

March 16, 2015


Францияда тунистердің отбасында дүниеге келген Әл Сиид әр түрлі мәдениеттерді, тілдерді және өзара теңдікті халыққа паш еткенді жақсы көреді.Көшедегі бейнелеу өнері мен граффити стилінде салынған араб жазуының әсемдігі көрініп тұр. Осы қызықты әңгімесінде суретші әрі TED қатысушысы түсіндіруді қажет етпейтіндей қылып сурет салу оның ең басты мақсаты екенін баяндайды.

Джими Картер: Әйелдің ар-намысы - адам құқығының "төресі"

TEDWomen 2015

Джими Картер: Әйелдің ар-намысы - адам құқығының "төресі"

May 29, 2015


Американың бұрынғы президенті Джимми Картер әйел құқығын аяқ асты ету дамыған әрі дамушы елдерде әлі күнге дейін жалғасып келе жатқанының үш себебін баяндайды. "Еркектерге бәрібір болуы" осы себептердің бірі деп санайды.

Bel Pesce: Арманыңды өлтірудің 5 жолы

TEDGlobal 2014

Bel Pesce: Арманыңды өлтірудің 5 жолы

October 7, 2014


Бәріміз бірдеме ойлап табуды - өнімді өзгерту, сәтті компанияның негізін қалау, сатылымы жоғары кітап жазуды қалаймыз. Шын мәнінде, мұны іске асыратын адам аз ғана. Бризлиялық кәсіпкер Бел Пеше арманыңызды шынға айналдыруға тосқауыл қоятын бес қарапайым мифті талдап береді.

Лаура Бошнак: Бұл әйелдер үшін оқу - ерлікпен тең

TEDGlobal 2014

Лаура Бошнак: Бұл әйелдер үшін оқу - ерлікпен тең

October 14, 2014


Әлемнің кейбір жерлерінде әйелдердің жарты бөлігі оқу-жазу білмейді. Бұның түрлі себептері бар. Көп жағдайда әкелер, күйеулер, тіпті аналар сауаттылыққа аса мән бермейді. Фотогроф, әрі TED қызметкері Лаура Бошнак Йемен, Мысыр, Тунис елдеріне сапар шегіп, өз қоғамдарындағы әділетсіздікке қарсы тұрған оқушылар, саяси қайраткерлер, 60-тан асқан қарт аналардың ерлігіне тәнті болып қайтты.

Кенет Шинозука: Атамның қауіпсіздігі үшін жасаған қарапайым құрылғым

TEDYouth 2014

Кенет Шинозука: Атамның қауіпсіздігі үшін жасаған қарапайым құрылғым

November 15, 2014


Деменциейден жапа шегіп жүрген 60% адам медқызметшілер үшін өте алаңдатарлық мәселе. Бұл видеодан өнертапқыш жасөспірім Кеннет Шинозуканың түнде адасқан атасы мен оны күтіп жүрген әпкесіне қалай көмектескенін және басқа Альцгеймер ауруымен ауратындарға қалай көмектескенін тыңдайсыз.

Бассам Тарик: Мұсылман өмірінің әдемілігі

TEDGlobal 2014

Бассам Тарик: Мұсылман өмірінің әдемілігі

October 6, 2014


Бассам Тарик - блогер, режиссер және халал қасапшының жұмысын қатар алып жүрген жігіт. Әрбір қуанышы әрқайсымыздың өмірімізден табылады. Ғажап әңгімесінде "30 күн - 30 мешіт" саяхаты және "Құс жолы" атты киносындағы оқиғаларымен бөліседі. Сол арқылы бойымыздағы ішкі әдемілікке зер салуға үндейді.

Ханна Фрай: Махаббат математикасы

TEDxBinghamtonUniversity

Ханна Фрай: Махаббат математикасы

April 4, 2014


Жұбыңды жаңылыспай табу - оңай емес. Бірақ математикалық дәлдікпен табуға бола ма? Математик Ханна Фрай махаббат әлеміне сандардың көзімен қарайды. Әрі сүйіктіңді табуға арналған, математикалық тұрғыдан дәлелденген, үш кеңес ұсынады.

Барбара Наттерсон-Хороуитс: Ветеринарлар дәрігер білмейтін нәрсені біле ме?

TEDMED 2014

Барбара Наттерсон-Хороуитс: Ветеринарлар дәрігер білмейтін нәрсені біле ме?

September 16, 2014


Бір ғана түрді емдейтін ветеринарды қалай атаймыз? Терапевт. Барбара Наттерсон-Хороуитс денсаулық сақтауда "Түрлерді қамтитын тәсіл" арқылы адамдарға көрсететін медициналық көмекті жетілдіруде жануарларды емдеу тәсілдерін қолдануға болатынын баяндайды.

Джо Ландолина: Қанды тез арада тоқтататын жақпа

TEDGlobal 2014

Джо Ландолина: Қанды тез арада тоқтататын жақпа

October 14, 2014


Теріні тігуді ұмыт - жарақатты емдейтін жаңа зат пайда болды. Бұл көрсетілім, TED мүшесі Джо Ландолина ойлап тапқан тез арада қауіпті қансырауды байламай-ақ тоқтататуға мүмкіндік беретін медициналық жақпа май жайлы. (Медициналық суреттер көрсетіледі.)

Хаас және Хан: Сурет салу қауымдастықты қалай өзгертеді?

TEDGlobal 2014

Хаас және Хан: Сурет салу қауымдастықты қалай өзгертеді?

October 8, 2014


Джереон Кулхас және Дре Урхан есімді суретшілер шағын қауымдастықты сурет өнерімен табыстырды. Табыстырып қоймай Рионың фавеллары мен Солтүстік Филадельфия көшелері тұрғындарын көшедегі үйлерді бояуға алып шықты. Жобаларының сәттілігі неде? Адамға шабыт сыйлайтын, әсерлі оқиғаларымен бөлісе отырып, қос суретші көршілер арасындағы барбекю маңызы мен өнердің маңызын түсіндіреді.

Жұлдыз Бахтиозина: Қыйсық суреттер, стреотиптерді бастан аяқ өзгертеді

TED2014

Жұлдыз Бахтиозина: Қыйсық суреттер, стреотиптерді бастан аяқ өзгертеді

March 20, 2014


Орындаушы Жұлдыз Бахтиозина Ресейдегі нормалдық суреттерді қолдана отырып көңілді етеді. Ресей жастары мәдениетпен сөздерді қызықтығып айтуды жөн көреді, заңды атауларына қарағанда.

Зиах Гафич: Күнделікті заттар, қайғылы оқиғалар

TED2014

Зиах Гафич: Күнделікті заттар, қайғылы оқиғалар

March 17, 2014


Зиах Гафич күнделікті заттарды – сағаттарды, аяқ киімдерді, көзілдіріктерді суретке түсіреді. Бірақ бұл заттардың қарапайымдылығы – алдамшы; бұл заттар Босния соғысында қаза тапқандарды жаппай жерлеген қабірлерден шықан заттар. Гафич, TED мүшесі және Сараево тұрғыны ретінде, қайтыс болғандарды анықтайтын тірі мұрағат жасау мақсатында қабірлерден табылған әрбір затты суретке түсірген.

Зе Франк: Адамсыз ба?

TED2014

Зе Франк: Адамсыз ба?

March 20, 2014


"Адаммын ба?" - деген сауалды қойып көрдіңіз бе? Зе Франк осындай қарапайым сауалдарды ұсына отырып, жауап іздейді. Сабыр сақтап, жауаптарын тыңдап көріңіз. Бастайық...

Роберт Фул: Табиғаттағы ең жексұрын жаратылыстардың роботтарға енгізілген құпиялары

TED2014

Роберт Фул: Табиғаттағы ең жексұрын жаратылыстардың роботтарға енгізілген құпиялары

March 18, 2014


Робботтарды өзіне зақым келтірмей тегіс емес жердің үстімен жүрген кезде өзін тұрақтандыруды, аяғын жоғары қаратып жүруді, әуеде гимнастикалық айла жасауды қалай үйрете аламыз. Тарақандардың роботехниканы неге үйрете алатынын көрсету үшін Роберт Фул олардың таңғажайып денесін назарға алады.

Луи Шварцберг: Табиғаттың жасырын ғажайыптары

TED2014

Луи Шварцберг: Табиғаттың жасырын ғажайыптары

March 19, 2014


Біз көрінбейтін сұлулық әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Сезімталдығы мен нәзіктігі сонша, адам көзі оны байқай бермейді. Көзге көрінер-көрінбес осы әлемді жарыққа шығару үшін кинорежиссер Луи Шварцберг жоғары жылдамдықты видеокамера, баяулатылған кино түсіру мен микроскоптар арқылы уақыт межесі мен кеңістікті икемге көндіреді. TED2014-те ол өзінің ең соңғы жобасы, "Көрінбейтін әлемнің құпиялары" деп аталатын 3D-фильмінде уақыт жылдамдығын өсіріп-баяулату арқылы, сонымен қатар табиғаттың таңғажайып керметтерін ұлғайтып көрсету арқылы ерекше сәттерін таныстырады.

Ману Паркаш: Оригамидей құрастырылатын 50 центтік микроскоп

TEDGlobal 2012

Ману Паркаш: Оригамидей құрастырылатын 50 центтік микроскоп

June 26, 2012


Бәлкім қағаздан ойып қуыршақ жасаған немесе оригами аққу құрастырған кезіңіз болған шығар. TED Fellow қатысушысы Ману Паркаш пен оның командасы қағаздан оңай құрастырылатын, әрі қолдануға жеңіл микроскоп ойлап шығарды. Бұл өнертабыстың дамушы елдердегі денсаулық сақтау саласын түбірімен өзгерте алатынын көрсететін, сонымен қатар барлығын дерлік, практикалық ғылыми тәжірибені де көңілді ойынға айналдыруға болатынын дәлелдейді.