TED Talks with Kazakh transcript

Грахам Аллисон: Қаламаған қақтығыс: Қытай мен АҚШ

We the Future

Грахам Аллисон: Қаламаған қақтығыс: Қытай мен АҚШ
3,544,118 views

Саясаттанушы Грахам Аллисон "Фукидид қақпаны" делінетін тарихи мысалдан сабақ алып, көтерілген Қытай мен үстем АҚШ арасындағы ешкім қаламаса да болуы мүмкін қарулы қақтығысты түсіндіреді, әрі әлеуметтік санаға үндеу салып, одан сақтанудың жолын қарастырады.

Рэбекка Брахман: Депрессия мен стрессті емдеп жазатын жаңа дәрі

TED2017

Рэбекка Брахман: Депрессия мен стрессті емдеп жазатын жаңа дәрі
2,091,035 views

Күйзеліс пен ЖССБ-қа (Жарақаттан соңғы стресстік бұзылыстар) арналған қазіргі заманғы дәрілер симптомдарды басып қана қояды, аурудан айықтыруы да екіталай. Бұл дертті толық емдеп жаза аламыз ба? Нейрофизиолог, TED Fellow бағдарламасының қатысушысы Ребекка Брахман стресстен құлан-таза айықтыратын жаңа дәріні өзінің зерттеу тобымен бірге қалай кездейсоқ ашқанын әңгімелеп береді. Стресске төзімділікті күшейтетін дәрі ақыл-ой ауытқуы ауруларын емдеу бағытын жаңа бағытқа өзгертетінін осы әңгімеден терең түсінесіз.

Каролина Уивер: Қарындаш неге мінсіз?

Small Thing Big Idea

Каролина Уивер: Қарындаш неге мінсіз?
1,170,087 views

Бұл видеодан қарындаштың не себепті алты бұрышты болатыны және сары түс оған қалай келгенін ұғасыз. Қарындаштар дүкенінің иесі Каролина Уивер қарындаштың біз білмейтін тарихын баяндайды.

Шах Рукх Кхан: Адамгершілік, даңқ және махаббат туралы ойлар

TED2017

Шах Рукх Кхан: Адамгершілік, даңқ және махаббат туралы ойлар
9,440,856 views

«Мен армандарды және миллиондаған адамдарға махаббатты сатамын», - дейді Болливудтың ең танымал жұлдызы Шах Рукх Кхан. Еліктіріп алып кететін және күлкілі сөзінде Кхан тағдыры туралы айтады, танымал би қозғалысын көрсетіп, қалт етпей бақылауда өткен өмірінің қиындықпен келген даналығымен бөліседі.

Майкл Бирут: Балаларды оқуға ынталандыратын кітапхананы қалай жасау қажет?

TEDNYC

Майкл Бирут: Балаларды оқуға ынталандыратын кітапхананы қалай жасау қажет?
1,850,983 views

Майкл Бирут мемлекеттік мектептердегі кітапханалардың логотиптерін жасауға кіріскенде, көп жылдарға созылатын және құмарлық туғызатын жобаны бастап кететіндігі туралы хабары жоқ еді. Сөз арасында әзілдей отырып, ол кітапханашылар мыңдаған балалар мен оқырмандарды шабыттандыратын, кітапхана атты сиқырлы жерге қуат күшін, білім, өнер мен графикаға қалай әкелгені туралы баяндайды.

Кэйти Хинди: Ана сүті туралы нені білмейміз?

TEDWomen 2016

Кэйти Хинди: Ана сүті туралы нені білмейміз?
1,413,994 views

Ана сүті балаға нәр береді, жүйке жүйесін дамытады, қажет иммундармен қамтамасыз етеді, аштық пен аурудан сақтайды; сөйте тұра ғылым ана сүтінен бұрын, қызанақ туралы көбірек білетінін немен түсіндіреміз? Кэйти Хинди осы бір маңызды нәр туралы айта отырып, тереңірек түсінуіміз үшін ана сүті жайлы қажет деректермен бөліседі.

Мона Чалаби: Статистиканы тексерудің 3 жолы

TEDNYC

Мона Чалаби: Статистиканы тексерудің 3 жолы
1,888,599 views

Әдетте статистиканың қаншалықты сенімді екенін түсіну қиын. Статистиканы жалпылама қарастырмағанымыз абзал. Астарын түсінуіміз қажет. Өз баяндамасында Мона Чабали сандармен жұмыс істеп, оларды дұрыс түсінудің жолдарын айтып береді.

Сара Рамирес: "Сырғанақ"

TED Talks Live

Сара Рамирес: "Сырғанақ"
1,132,926 views

Әнші, ақын және актриса Сара Рамирес бірнеше дарын иесі. Майкл Пембертонның гитарада сүйемелдеуімен Рамирес мүмкіндік, даналық және өмірдің аумалы-төкпелі кезеңдеріне арналған "Rollercoaster" ("Сырғанақ") әнін орындайды.

Алан Смит: Неліктен статистиканы жақсы көру керекпіз?

TEDxExeter

Алан Смит: Неліктен статистиканы жақсы көру керекпіз?
1,779,282 views

Статистика болжамын жасағанды жақсы көресің бе? Өзімізді математикадан жақсы немесе нашар сезінсек те, сандарды түсінуге қатысты қабілетіміз шектеулі. Дата визуализация маманы Алан Смиттің тұжырымы осындай. Өзінің баяндамасында ол біздің білгеніміз бен ойлағанымыздың арасындағы сәйкессіздікті түсіндіреді.

Адам Грант: Берушісіз бе, алушысыз ба?

TED@IBM

Адам Грант: Берушісіз бе, алушысыз ба?
7,250,021 views

Әрбір жұмыс орнында үш түрлі адам бар: беруші, алушы және айырбастаушы. Ұжым психологиясының маманы Адам Грант осы үш типке тоқталып, жомарттық мәдениетін дамыту тәсілін ұсынады.

Джа Джанг: 100 күн бойы меселіңіз қайтса, не істейсіз?

TEDxMtHood

Джа Джанг: 100 күн бойы меселіңіз қайтса, не істейсіз?
6,040,624 views

Джа Джанг оқиғасы бәріміздің қорқынышымыз- қабылданбай қалу оқиғасы туралы. 100 күн бойы бейтаныс адамнан 100 доллар сұрап, меселі қайтып, "тағы бургерге" тіркелу-Джанг өзін үнемі кезігетін қабылданбай қалу қорқынышынан құтылуға дайындайды. Жай ғана сұрау арқылы мүмкіндіктерге жол ашуға болатынын түсінді.

Джон Мак Уортер: Шет тілін үйренудің 4 себебі

TED2016

Джон Мак Уортер: Шет тілін үйренудің 4 себебі
4,156,451 views

Қазіргі таңда әлем бойынша ағылшын тілі әмбебаб тіл болып келеді, сондай-ақ жедел аударма технологиясы жыл сайын дамуда. Ондай жағдайда өзге шет тілін үйренудің қажеті не? Лингвист, колумбиялық профессор Джон Мак Уортер шет тілін үйренудің 4 артықшылығымен бөліседі.

Надия Лопез: Не үшін мектеп ашамыз? Түрмені жабу үшін

TED Talks Live

Надия Лопез: Не үшін мектеп ашамыз? Түрмені жабу үшін
1,309,924 views

Біздің балаларымыз – біздің болашағымыз, олардың өздеріне деген сенімі мол болуы маңызды. Дәл осы көзқарасқа сүйене отырып, Надия Лопез Нью-Йорктің ең нашар және зорлық-зомбылыққа толы аудандарының бірі Браунсвилл, Бруклинде академия оазисін ашқан. Өйткені ол әр баланың дарынды екендігіне және оның қабілеттеріне сенеді. Мотт Холл Бриджес академиясының негізін салушысы (және Нью-Йорк тұрғындарының жұлдызы) осы қысқа, жігерлі әңгімесінде кішкентай ғалымдарына және олардың отбасыларына жарқын болашақты қалай елестету керектігін түсіндіреді.

Салман Хан: Тест нәтижесін оңай шешуге емес, шеберлікке үйретейік

TED Talks Live

Салман Хан: Тест нәтижесін оңай шешуге емес, шеберлікке үйретейік
3,654,589 views

Іргетасы жартылай қаланған негізге үй тұрғызар ма едіңіз? Әрине, жоқ. Онда негізгі білімді толық игере алмаған оқушыларды сонша неге асықтырамыз? Иә, түсінуге қиын, бірақ Салман Хан студенттерді өз қабілеттеріне орай білімді меңгеріп, ғалым болуға қалай жетелеуге болатыны туралы ойларымен бөліседі.

Лейла Хотеит: Араб іскери әйелінен жетістікке жетудің 3 сабағы

TED@BCG Paris

Лейла Хотеит: Араб іскери әйелінен жетістікке жетудің 3 сабағы
3,853,231 views

Араб әйелдері кәсіби маман ретінде ер адамдарға қарағанда көп икемделеді және батыс әйелдеріне қарағанда мәдениеттегі қаталдықпен көп кездеседі. Олардың жетістіктері бізге алғырлық, біліктілік, басымдылық және прогресс туралы не үйрете алады? Абу Дабиде өз мансабын инженер, адвокат және ана ретінде бастаған Лейла Хотеит жетістікке жетуде өзінің алған сабақтарымен бөліседі.

Шубхенду Шарма: Аулаңызда орман өсіру жолы

TED@BCG Paris

Шубхенду Шарма: Аулаңызда орман өсіру жолы
2,525,103 views

Орман адам өмірінен бөлініп жатқан, алыста орналасқан табиғи қорық болмауы керек. Біз орманды қалаған жерімізде, тіпті қалада да өсіре аламыз. Эко-кәсіпкер және TED Fellow Шубхенду Шарма тығыз, биологиялық шағын орманды қаладағы топырақта микроптар мен биомассаларды қолданып табиғи жағдайда өсіреді. Ол 100 жылдық орманды 10 жыл ішінде қалай өсіруге болатынын айтып береді, сіз шағын джунгли мейрамын көресіз.

Тревор Тим: Баспасөз қаншалықты еркін?

TED2016

Тревор Тим: Баспасөз қаншалықты еркін?
1,447,147 views

АҚШ-та Бірінші Конституциялық түзету арқылы қорғалған баспасөздің қоғам білгісі келетін құпия ақпаратты жариялауға құқығы бар. 11 қыркүйектен бастап мемлекеттік қадағалау ұлттық қауіпсіздік турасында маңызды оқиғалардың қайнар көзі ретінде есептелетін баспасөз қызметкерлерінің жұмысын айтарлықтай қиындатты. Бұл қысқа, әрі мағлұматқа бай сөзінде Баспасөз бостандығы қорының негізін қалаушы, әрі TED тренері Тревор Тим қылмыс пен әділетсіздікті әшкерелейтін адамдарға қатысты үкіметің қарсы қимылдарын тілге тиек етеді. Сонымен қатар баспасөз мүшелеріне өз жұмыстарын қауіпсіз, әрі жасырын түрде жасауға көмектесетін технологияны насихаттайды.

Крис Андерсон: TED: көпшілік алдында керемет сөйлеу құпиясы

TED Studio

Крис Андерсон: TED: көпшілік алдында керемет сөйлеу құпиясы
5,536,245 views

Керемет баяндама жасаудың арнайы формуласы жоқ, бірақ барлығына ортақ құпия жайттар бар. TED жетекшісі Крис Андерсон осы құпияны қолдану үшін қажет төрт әдіспен бөліспек. Таратуға тұрарлық идеяңызда бұл бар ма екен?

Роберт Палмер: Панама құжаттары жаһан мәселелерін әшкереледі.  Ары қарай не болады?

Global Witness HQ

Роберт Палмер: Панама құжаттары жаһан мәселелерін әшкереледі. Ары қарай не болады?
1,097,225 views

2016 жылдың 3 сәуірінде деректердің таралып кетуінің тарихтағы ең үлкен мысалын көрдік. Панама құжаттары бай және беделді, ықпалды алдамдардың оффшорда ақша жасырғанын көрсетті. Бірақ осының бәрінің мәні неде? Осыны анықтау үшін Global Witness-тен Роберт Палмерді шақырдық.

Анджелика Даз: Түрлі түсті адамзат терісінің сұлулығы

TED2016

Анджелика Даз: Түрлі түсті адамзат терісінің сұлулығы
2,472,894 views

Анджелика Даздың фотографиялары бізді теріміздің түсі мен этникалық ұқсастық туралы қалай ойлап келдік соны қайта түсінуге шақырады. Бұл жеке баяндауында бізді ақиқатқа сыймайтын ақ, қызыл, қара және сары нәсілдердің бірігуінен пайда болған түстерден гөрі адамзаттың шын түстері туралы деректерге сүйенген оның портреттер жобасы жайында есту расында шабыттандырады.

Чиеко Асакава: Жаңа технология зағип жандарға әлемді зерттеуге қалай көмектеседі?

TED@IBM

Чиеко Асакава: Жаңа технология зағип жандарға әлемді зерттеуге қалай көмектеседі?
1,390,823 views

Жаңа техногиялардың өмірді жақсартудағы әсері қандай? Жарық дүниені көрмей оны қалай танып, білуге болады? 14 жасында көз жанарынан айрылған өнертапқыш, IBM қызметкері Чиеко Асакава осы сұрақтардың жауабын іздейді. Ол жаңа технологиялар көмегі арқылы соқыр адамдардың әлемді дербес зерттеп, танудағы мүмкіншіліктерін қызықты жеткізіп, көрсетеді. Өнертапқыш барлығына бірдей тиімді болатын жаңа мүмкіншіліктерді жасап шығаруды ұсынады.

Анн Морган: Әлемнің әр түкпірінен келген кітаптарды оқыған бір жылым

TEDGlobal>London

Анн Морган: Әлемнің әр түкпірінен келген кітаптарды оқыған бір жылым
1,694,699 views

Анн Морган кітап сөресіндегі мәдени біржақтылықты көргенге дейін, өзін кітапты көп оқыған адам деп есептейтін. Ағылшын және америка авторларының кітаптарының ішінде басқа тілде жазатын авторлардың шығармалары жоқтың қасы еді. Сондықтан ол алдына үлкен мақсат қойды: бір жыл ішінде дүниежүзінің әр елінен бір кітаптан оқып шығу. Енді ол басқа адамдарды да шығармалардың аудармаларын оқуға шақырады, сонда баспагерлер де әдебиет жаухарларын аударуға және әкелуге ниетті болады. Оның кітап оқудағы саяхатының интербелсенді картасын мына жерден көріңіздер: go.ted.com/readtheworld

Сезар Харада: Баланың ынтасын ғылымға қалай оята аламын?

TED Fellows Retreat 2015

Сезар Харада: Баланың ынтасын ғылымға қалай оята аламын?
1,776,679 views

Гонкконгтағы Харбор мектебінде Сезар Харада азаматтық ғылым мен қоршаған ортаны қорғаушылардың болашақ ұрпақ өнертабысын оқытуда. Өз сыныбын өндірісті мегажерге, шығармашыл баланың орман, металл, химия, биология, оптика және кейде күшті құрылғылармен мұхиттардағы қауіп-қатердің алдын алатын орынға ауыстырған. Онда жас кезінен ата-анасы үйреткен: "Сен ластай аласың, бірақ ластаған нәрсеңді тазалауың керек" дегенді үйретуде.

Сакина Якуби: Талибандардың мектебімді жабуын қалай тоқтаттым

TEDWomen 2015

Сакина Якуби: Талибандардың мектебімді жабуын қалай тоқтаттым
1,497,714 views

Талибандар Ауғанстандағы қыздарға арналған мектепті жауып жатқанда, Сакина Якуби жаңа мектеп ашып, мыңдаған ер мен әйелді оқытты. Бастан өткерген екі қызықты оқиғасын айта отырып, оған оқытуды тоқтату үшін сес көрсеткенін және өзінің сүйікті елін қалай қалпына келтіру керектігін баяндайды.

Әл Сиид: Бірлік пен үмітке шақыратын көшедегі бейнелеу өнері

TED2015

Әл Сиид: Бірлік пен үмітке шақыратын көшедегі бейнелеу өнері
1,581,298 views

Францияда тунистердің отбасында дүниеге келген Әл Сиид әр түрлі мәдениеттерді, тілдерді және өзара теңдікті халыққа паш еткенді жақсы көреді.Көшедегі бейнелеу өнері мен граффити стилінде салынған араб жазуының әсемдігі көрініп тұр. Осы қызықты әңгімесінде суретші әрі TED қатысушысы түсіндіруді қажет етпейтіндей қылып сурет салу оның ең басты мақсаты екенін баяндайды.

Джими Картер: Әйелдің ар-намысы - адам құқығының "төресі"

TEDWomen 2015

Джими Картер: Әйелдің ар-намысы - адам құқығының "төресі"
1,642,741 views

Американың бұрынғы президенті Джимми Картер әйел құқығын аяқ асты ету дамыған әрі дамушы елдерде әлі күнге дейін жалғасып келе жатқанының үш себебін баяндайды. "Еркектерге бәрібір болуы" осы себептердің бірі деп санайды.

Такахару Тэдзука: Сіз естіп-көрмеген балабақша

TEDxKyoto

Такахару Тэдзука: Сіз естіп-көрмеген балабақша
5,156,281 views

Бес жастағы балалар кептеліс жасағандықтан Токионың бұл мектебіне Санта клаус терезеден түседі. Архитектор Такахару Тэдзука қиялынан туған, қараса көз тоймайтын балабақшаға назар аударыңыз. Өз сөзінде ол балаға бала боп қалуға мүмкіндік берген ғимараттың салыну процесіне тоқталады.

Bel Pesce: Арманыңды өлтірудің 5 жолы

TEDGlobal 2014

Bel Pesce: Арманыңды өлтірудің 5 жолы
5,370,012 views

Бәріміз бірдеме ойлап табуды - өнімді өзгерту, сәтті компанияның негізін қалау, сатылымы жоғары кітап жазуды қалаймыз. Шын мәнінде, мұны іске асыратын адам аз ғана. Бризлиялық кәсіпкер Бел Пеше арманыңызды шынға айналдыруға тосқауыл қоятын бес қарапайым мифті талдап береді.

Лаура Бошнак: Бұл әйелдер үшін оқу - ерлікпен тең

TEDGlobal 2014

Лаура Бошнак: Бұл әйелдер үшін оқу - ерлікпен тең
919,431 views

Әлемнің кейбір жерлерінде әйелдердің жарты бөлігі оқу-жазу білмейді. Бұның түрлі себептері бар. Көп жағдайда әкелер, күйеулер, тіпті аналар сауаттылыққа аса мән бермейді. Фотогроф, әрі TED қызметкері Лаура Бошнак Йемен, Мысыр, Тунис елдеріне сапар шегіп, өз қоғамдарындағы әділетсіздікке қарсы тұрған оқушылар, саяси қайраткерлер, 60-тан асқан қарт аналардың ерлігіне тәнті болып қайтты.

Кенет Шинозука: Атамның қауіпсіздігі үшін жасаған қарапайым құрылғым

TEDYouth 2014

Кенет Шинозука: Атамның қауіпсіздігі үшін жасаған қарапайым құрылғым
1,759,326 views

Деменциейден жапа шегіп жүрген 60% адам медқызметшілер үшін өте алаңдатарлық мәселе. Бұл видеодан өнертапқыш жасөспірім Кеннет Шинозуканың түнде адасқан атасы мен оны күтіп жүрген әпкесіне қалай көмектескенін және басқа Альцгеймер ауруымен ауратындарға қалай көмектескенін тыңдайсыз.