TED Talks with Kazakh transcript

Сугата Митра: «Бұлттағы мектепті» құрайық

TED2013

Сугата Митра: «Бұлттағы мектепті» құрайық
3,417,649 views

TED2013-те сөз сөйлеп тұрып, Сугата Митра TED Prize марапатына ие болу кезінде өзінің батыл арманын паш етті: "Балалар «бұлттардан» алынған дерекқорды пайдаланып, зерттеу жүргізе алатын және бір-біріне үйрете алатын «бұлттардағы мектепті» құруға, Үндістандағы зертхананы салуға көмектесіңіздерші. Оның Өздігінен ұйымдастырылатын Оқу Кеңістіктері (ӨҰОК) туралы ойын тыңдаңыз. Толығырақ tedprize.org сайтынан оқыңыздар.

Мигель Николесис: Роботты миымен басқаратын маймыл

TEDMED 2012

Мигель Николесис: Роботты миымен басқаратын маймыл
1,315,130 views

Біздің миымыз тікелей, дененің көмегінсіз роботтарды басқара ала ма? Мигель Николелис АҚШ-тағы зерек маймылдың өз виртуалды проекциясын және Жапониядағы роботты – тек ой күшімен ғана басқаруды үйренген үздік тәжірибесі туралы әңгімелейді. Бұл зерттеу тетраплегиядан (қол-аяқтың бәрінің бірдей салдануы) зардап шегетін адамдар үшін, бәлкім, бәріміз үшін де маңызы өте зор ( TEDMED 2012 түсірілген)

Шабана Басидж-Расих: Ауған әйелдерін оқытудағы қиындықтар

TEDxWomen 2012

Шабана Басидж-Расих: Ауған әйелдерін оқытудағы қиындықтар
1,085,179 views

Қыздары мектепке өлім қорқынышымен баратын елді көз алдыңызға елестетіңізші. Ауғанстанда талибандар кезінде дәл осылай болған. Бұл жайт қазір де байқалады. 22 жастағы Шабана Басидж-Расих Ауғанстандағы қыздар мектебінің құрылтайшысы. Ол өз қыздарына сенетін, бағалайтын отбасымен мақтанады және қорқыныштарға қарсы тұрған ержүрек әкенің оқиғасын айтып береді. (TEDxWomen-де түсірілген)

Ли Кронин: Дәріңізді принтерден басып шығарыңыз

TEDGlobal 2012

Ли Кронин: Дәріңізді принтерден басып шығарыңыз
1,045,687 views

Ли Кронин молекулаларды басып шығаратын 3D принтермен жұмыс істеуде. Ұзақ мерзімді қолдануға арналған бағдарлама жеке дәрі-дәрмектеріңізді химиялық сияларды қолдану арқылы басып шығарады.

Жанин ди Гиованни: Соғыста көргендерім

TEDxWomen 2012

Жанин ди Гиованни: Соғыста көргендерім
1,077,040 views

Репортер Жанин ди Гиованни әлемнің жан түршіктірер жерлерінде болып, Боснияда, Сиерра Леонда және Сирияда болған оқиғаларды сипаттады. Ол үлкен қақтығыс кезіндегі адамшылық сәттері туралы айтып берді және таныс көшелердің бомбалағаннан кейінгі адам шошытарлық түрін зерттеді.

Карен Томпсон Уолкер: Үрейден не үйренеміз?

TEDGlobal 2012

Карен Томпсон Уолкер: Үрейден не үйренеміз?
2,257,399 views

Шет, шегі жоқ Тынық мұхиты ортасында кемесі апатқа ұшыраған матросты көз алдыңызға елестетіңіз. Сізге экипаждың басқа да мүшелерімен бірге апаттан құтылу үшін үш жолдың бірін таңдау керек. Алайда әрбір таңдаудың өз қорқынышты салдары бар. Сіз нені таңдар едіңіз? Жазушы Карен Томпсон Уолкер қорқыныштың қиялды қалайша шарықтататындығын көрсету үшін «Эссекс» кит аулаушылар тарихын баяндайды. Бұл арқылы бізді болашақтағы қауіпті жағдайлар жайлы ойланып, оған дайындалуға үндейді.

Молли Крокетт: Ми туралы көпірме сөзге сене бермеңіз

TEDSalon London Fall 2012

Молли Крокетт: Ми туралы көпірме сөзге сене бермеңіз
1,295,218 views

Маркетингте ми туралы үнемі айтылады. Газеттердегі мақалалар ірімшікті бутерброд дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі, ал сусын мидағы ауырлықты азайтады деп жарнамалайды. «Бұл арада тек бір ғана мәселе бар», - дейді нейропсихолог Молли Крокетт – «миға көмектесушілердің» барлығының әсері ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген». Ол миды зерттеу жұмысын талдаудағы ерекшеліктер туралы баяндайды және мұны неліктен біздің білуіміз қажет екендігін түсіндіреді.

Паоло Кардини: Бірнеше істі бір уақытта істемей, біреуіне ғана толықтай назар аударыңыз

TEDGlobal 2012

Паоло Кардини: Бірнеше істі бір уақытта істемей, біреуіне ғана толықтай назар аударыңыз
2,609,537 views

Қазіргі адамдар тамақ пісіріп қана қоймай, сонымен бірге бір уақытта телефонынан хат жолдайды, сөйлеседі, youtube көреді және жаңа ғана пісірген керемет тағамының суретін интернетке жүктеп үлгереді. Дизайнер Паоло Кардини бір уақытта бірнеше іспен айналысу тиімсіз екенін және тек бір іске толықтай кірісудің пайдасын айтады. Бір іспен айналысудың пайдасын сезуге көмек беретін, бұл 3D баспа арқылы шығарылған, ұялы телефонның ауыспалы қақпақтары болмақ.

Райан Мерклей: Онлайн видео -- түсінікті, икемді әрі құрастырмалы

TEDGlobal 2012

Райан Мерклей: Онлайн видео -- түсінікті, икемді әрі құрастырмалы
727,309 views

Videos on the web should work like the web itself: Dynamic, full of links, maps and information that can be edited and updated live, says Mozilla Foundation COO Ryan Merkley. On the TED stage he demos Popcorn Maker, a new web-based tool for easy video remixing. (Watch a remixed TEDTalk using Popcorn Maker -- and remix it yourself.)

Эми Кадди: Денеңіздің "тілі" жеке тұлғаңызды қалыптастырады

TEDGlobal 2012

Эми Кадди: Денеңіздің "тілі" жеке тұлғаңызды қалыптастырады
56,233,256 views

Дене "тілі" басқалардың біз туралы ойына әсер етеді, алайда ол сондай-ақ өзіміз туралы көзқарасымызды да өзгертуі мүмкін. Әлеуметтік психолог Эми Кадди "билік позасы", яғни тіпті сенімсіздік сезімі кезінде де сенімді келбеттегі тұрыстың мидағы тестестерон мен кортизолдың деңгейіне қалай әсер ететінін, тіпті жетістігімізге түрткі бола алатынын көрсетеді.

Кэнди Чанг: Көзімнің тірісінде...

TEDGlobal 2012

Кэнди Чанг: Көзімнің тірісінде...
5,640,247 views

Cуретші әрі TED Fellows бағдарламасының қатысушысы Кэнди Чанг Жаңа Орлеанның бір ауданындағы ескі, иесіз үйді «Өлмей тұрып ...» деген аяқталмаған сөйлем жазылған алып тақтаға айналдырды. Тұрғындардың таңқалдырарлық, әсерлі, күлкілі жауабы жазылған бұл тақта— бір мезетте осы ауданның айнасына айналды (Ал Сіз қалай жауап берер едіңіз?).

Дженна МакКарти: Неке туралы не білмейсіз?

TEDxAmericanRiviera

Дженна МакКарти: Неке туралы не білмейсіз?
6,109,514 views

Тедх-тегі күлкілі және күнделікті әңгімелердің бірінде жазушы Дженна МакКарти өзінің жүргізген некелер (әсіресе бақытты некелер) жайлы зерттеулерімен бөліседі. Әңгімеден үзінді: Оскар сыйлығының ең үздік актриса атағын ұтып алуға тырыспаңыз.

Шон Ачор: Жақсы көңіл-күйдің жұмысқа деген әсері

TEDxBloomington

Шон Ачор: Жақсы көңіл-күйдің жұмысқа деген әсері
21,573,773 views

Қаншалықты тынымсыз еңбек етсең, соншалықты жетістікке жетесін деген дұрыс па? TEDxBloomington сақынасында, психология маманы, Шон Ачордың айтуы бойынша "Жақсы көңіл-күй- нәтижелі жұмыстың басты себебі".

Дрю Бери: Көзге көрінбейтін биологияның анимациясы

TEDxSydney

Дрю Бери: Көзге көрінбейтін биологияның анимациясы
2,509,183 views

Бізде молекулаларды тікелей бақылай алатын қауқар-құрал жоқ. Сол үшін олардың не істеп жатқанын біле алмаймыз. Бірақ Дрю Берри үшін тіпті де олай емес. Ол ғылыми жолмен дәлме-дәл көрсетілген (әрі өте қызықты) анимациялар арқылы жасушалардың ішіндегі көзге көрінбейтін үдерістерді танып-білуге жол ашады.

Джо Сабиа: Оқиғаны баяндау әдістері

Full Spectrum Auditions

Джо Сабиа: Оқиғаны баяндау әдістері
1,352,099 views

iPad сторителлер Джо Сабиа бізге ең алғаш жиналмалы кітапты ойлап тапқан, өткен ғасырда оқиға баяндаудың жаңа түрін өмірге әкелген Лозар Мэггендорфер туралы айтады. Сонымен қатар iPad арқылы жаңа технологиялармен тастағы тарихи таңбалардан бастау алатын адамзат тарихын оңай түсіндіруге болатынын көрсетеді.

Томас Суарез: 12 жастағы бағдарламашы

TEDxManhattanBeach

Томас Суарез: 12 жастағы бағдарламашы
10,688,744 views

12 жастағы балалардың көбі видео ойын ойнағанды жақсы көреді. Алайда Томас Суарез сол ойындарды жасауды өз үйреніп алған. "Bustin Jeiber" атты ойынды жасап шыққан соң, басқа балаларға бағдарламашы болуға көмектесіп жүр.

Джулиан Трежер: Жақсы тыңдаудың 5 тәсілі

TEDGlobal 2011

Джулиан Трежер: Жақсы тыңдаудың 5 тәсілі
8,060,876 views

Джулиан Трежер дыбыс жөніндегі эксперт: "Қарбалас әлемде тыңдау қабілетімізді жоғалтып бара жатырмыз", - дейді. Бұл қызықты видеода Джулиан Трежер ұйып тыңдаудың 5 тәсілімен бөліседі.

Маркус Фишер: Құсша ұшатын робот

TEDGlobal 2011

Маркус Фишер: Құсша ұшатын робот
8,646,669 views

Роботтардың біразы ұша алады, алайда олардың ешқайсысы шын құстарша ұша алмайтын. Маркус Фишер өзінің Festo-дағы командасымен бірге SmartBird роботын құрастырып шықты. Робот - ірі, әрі жеңіл қанаттарын қағып ұшатын шағалаға ұқсатып жасалған. Робот TEDGlobal 2011-де таныстырылды.

Мұстафа Акиол: Исламда салт-дәстүрлердің дінге қайшылығы

TEDxWarwick

Мұстафа Акиол: Исламда салт-дәстүрлердің дінге қайшылығы
1,255,155 views

TEDxWarwick - та тілші Мұстафа Акиол кейбір жергілікті мәдени тәжірибелердің Ислам дініне енгізіліп, дінмен өзара астасуы жайында әңгіме айтады. Әлемнің Ислам діні жайлы жалпы түсінігінде салт-дәстүрге басым көңіл бөліп, бұрмаланбаған діннің негізіне жеткіліксіз көңіл бөле ме?

Терри Мур: Аяқ киімнің бауын дұрыс байлап жүрміз бе?

TED2005

Терри Мур: Аяқ киімнің бауын дұрыс байлап жүрміз бе?
7,612,252 views

Терри Мур өмір бойы аяқ киімінің бауын дұрыс байламай келгенін анықтапты. TED сахынасында бауды қалай дұрыс байлау керек екенін көрсетпекші. (Ескертпе: Бұл TED тарихында алғаш рет 2005 жылғы ең қысқа баяндама)

Рон Гутман: Күлімдеудің құпия күші

TED2011

Рон Гутман: Күлімдеудің құпия күші
5,652,656 views

Рон Гутман күлімдеу жөніндегі зерттеулерді шолып шығып, адам айтса нанғысыз қорытындыларға тап болады. Сіз күлімдеуіңіздің ғұмырыңыздың ұзақтығын болжауға сеп болатынын және әл-ауқатыңыздың жақсаруына әсер ететінін білесіз бе? Аталмыш эволюциялық жұқпалы мінез туралы білген соң бет-әлпетіңіздің бұлшықет икемдерін дайындай беріңіз!

Рик Элиас: Ұшақ апатынан кейін үйренген 3 нәрсем.

TED2011

Рик Элиас: Ұшақ апатынан кейін үйренген 3 нәрсем.
7,721,543 views

Рик Элиас 2009 жылы қаңтарда апатты жағдайда Нью Йорктегі Гудзон өзеніне қонған рэйсі 1549 ұшақтың алдыңғы қатарында отырған. Ажалға ұшыраған ұшақ төмен құлап бара жатқанда оған қандай ойлар келді? Ол бірінші рет көпшілік алдында ТЕД-те сырын айтады.

Ариана Хафингтон: Көп ұйықтау жетістікке қол жеткізеді

TEDWomen 2010

Ариана Хафингтон: Көп ұйықтау жетістікке қол жеткізеді
5,209,500 views

Ариана Хафингтон үлкен идеяны түртіп оятатын кішкентай идеясымен бөліседі. Ұйқы уақытын маңызды іске жұмсауға тырысудың орнына, ұйқыны қандыруға кеңес береді. Еңбек өнімділігіміз бен қуанышымызды еселеп, дұрыс шешім қабылдау үшін жақсылап тынығу керек.

Стефан Уолфф: Этностық конфликтіден құтылуға бастайтын жол

TEDGlobal 2010

Стефан Уолфф: Этностық конфликтіден құтылуға бастайтын жол
349,362 views

Азамат соғыстары мен этносаралық конфликтілер әлемге ауыр зардаптар әкелді, бірақ Стефан Уолфтың деректеріне қарасақ, соңғы 20 жылда олардың саны тұрақты түрде азайып келеді. Ол Солтүстік Ирландия, Либерия және Тимордағы қақтығыстардан алған сабақтарымен бөлісіп, басшылық, дипломатия және институттық құрылымдау – бейбітшілік орнатудағы басты қару бола алатынын айтады.